$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Іле-Алатау Ұлттық паркіне биыл жарты миллион турист келген

Іле-Алатау Ұлттық паркіне биыл жарты миллион турист келген

Іле -Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — соңғы жылдары экотуризмнің орталығына айналған ерекше қорғалатын аймақ. Тау шатқалдары мен соқпақ жолдарды аралайтын жаяу жүргіншілер саны жылдан-жылға артып келеді. Биыл алғашқы жартыжылдықта мұнда жарты миллионнан астам турист келген. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп.

ЕЛНҰР АХМЕТОВ, ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта Ұлттық Табиғи Паркінің ең үлкен бренді жаяу жүргіншілер көбейді. Бұрынғы уақытта халықтың бір 10-15 пайызы жаяу жүрсе қазіргі уақытта 30-40 пайызы Алматы қаласынан, Алматы облысынан жаяу жүргіншілер біздің шыңдарымызға шығып, сайларымызды көріп, туристік бағыттарда жүріп өтеді. 

Ұлттық парктегі бағыттардың 80–85 пайызы толықтай абаттандырылып, биыл қосымша 100 шақырым соқпақты қайта жаңарту жұмыстары басталған. Табиғат аясындағы осындай жобалар арқылы туризмнің мазмұны өзгеріп, сапасы арта түсті.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Іле Алатау Ұлттық паркінің жалпы аумағы 200 гектарды құрайды. Мұнда өсімдіктің 2000-ға жуық түрі өседі. Оның 37-і қызыл кітапқа енгізілген. Жануарлар әлемі де ерекше. 47 сүтқоректі, 200-ге жуық құс түрі және 5000-нан аса омыртқасыз жануарлар мекендейді.

ТІЛЕК ӘДІЛЖАНОВ, ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұлттық паркте 5-тен астам визит орталық бар. Туризмнің негізі нақты дамуы осы визит орталықтарға байланысты. Өйткені бұл жерде туристерге арналған арнайы жағдайлар жасалған. Ол қоғамдық әжетхана, ақпарат, гидтердің қызметтері.

Іле- Алатау ұлттық табиғи паркі –  табиғатты сақтайтын аймақ қана емес, сонымен бірге мәдени-танымдық орталыққа айналып келеді. Визит орталықтарының артуы, жаяу маршруттардың жаңаруы тұрақты туризмнің дамуына жол ашты.