Ұлттық
бірыңғай тестілеуде тиісті балл жинай алмаған жүздем астам павлодарлық түлек
түгелдей жұмыспен қамтылады. Бүгінде өңірдің потанциалды жұмыс берушілерімен 52
меморандум қабылданып, бекітілген.
Игі
шара «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы аясында жүзеге асырылмақ.
Белгілі болғандай, биыл Павлодар облысында 3 мың 738 мектеп бітіруші ҰБТ-ға
қатысқан. Оның 132-сі сынақ нәтижесі бойынша шекті деңгейді ала алмапты.
Алайда, бұған алаңдаудың қажет жоқ,-дейді партиялықтар. Өткен жылдан бері
елімізде «Сәтті қадам» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның басты бағыты
жастарды жұмыспен қамтуға негізделген. Сынақтан өте алмаған немесе оны
тапсырмаған түлектер осы жоба арқылы екі қолғабір күрек табу мүмкіндігіне ие
болады. «Жас Отан» жастар қанатының берген ақпарына сәйкес, былтырғы тестілеуде
276 мектеп бітіруші тиісті ұпайды жинай алмаған. Бірақ, бүгінде олар түгел
жұмысқа орналасқан.
Әйгерім
Манабаева, «Жас Отан» жастар қанатының аппарат жетекшісі:
Жастарды
жұмысқа орналастыру, жастардың әлеуетін көтері бойынша көптеген бағдарламалар
бар. Бұл - мемлекеттік бағдарламалар, «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам»
жобасы. Бүгінгі біздің басты мақсатымыз - осындай партия тарапынан жасалған,
мемлекеттік бағдарламалардың бар екенін халық арасында ақпараттық жұмыстарды
жүргізу.