$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Елімізде "үй жанындағы дүкендердегі" бағаларды бақылау күшейтіледі

05.08.2025ж. 13:38
Елімізде "үй жанындағы дүкендердегі" бағаларды бақылау күшейтіледі

Қазақстанда "үй жанындағы дүкендердегі" бағаларды бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Astana TV үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылып жатыр.

"Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыз сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын талдау модулі іске асырылып жатыр", - деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев үкімет отырысында.