Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға 2,4 млрд теңге бөлінді. Қаражат Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арнаулы мемлекеттік қордан аударылды. Жобада Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларды реконструкциялау көзделген. Жалпы биыл Жамбыл облысында төрт денсаулық сақтау нысанын іске қосуға 2,8 млрд теңге бағытталған. Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы салынғаны туралы хабарланған еді. Оның әрқайсысы тәулігіне 45 келушіге дейін қабылдай алады. Бұл жобалар елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру бағытында қолға алынып отыр.