Елдегі 6 өңірде ана өлімі, 5 аймақта сәби өлімі көп. Жүйелі қабылданып жатқан шараларға қарамастан Ақмола, Жетісу, Жамбыл, Абай және Ақтөбе мен Қостанайда жағдай күрделі. Қайғылы оқиға жиілегеннен кейін министрлік 44 медициналық ұйымда жоспардан тыс тексеру жүргізген. Қазір кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ал, жалпы көрсеткіш бойынша биыл ана өлімінің көрсеткіші 10%-ға, нәрестенікі 26%-ға төмендеген.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
2024 жылдың 1 маусымында босандыру, акушерлік операциялар, салмағы төмен жаңа туған нәрестелерді күту және педиатриялық бейіндердің тарифтері ұлғайды.
Үш облыста жүктілігі ауыр өткен әйелдерге пансионаттар ашылды. Биыл алғаш рет болашақ аналарға арналған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылып, әйелдерді 12 түрлі зерттеуден өткізу және жүктілікке дайындау үшін 5,1 млрд теңге бөлінді. Елімізде алғаш рет «Феталды медицина» жаңа технологиясы енгізіліп, жатырішілік 71 операция жасалып, нәтижесінде 96 нәрестенің өмірі сақталды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Мемлекет басшысы ана мен бала өлімін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы екенін айқындап берді. Соңғы жылдары ана мен бала өлімін алты еселен аса төмендете алдық. Бұл - медицина қызметкерлерінің еңбегінің нәтижесі. Мемлекет басшысы заманауи периниталдық орталықтардың құрылысын жалғастыруды тапсырды.