$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Қоғамдық дәретханада ұйықтап жатқан балалар жұрттың жағасын ұстатты

05.08.2025ж. 19:30
Қоғамдық дәретханада ұйықтап жатқан балалар жұрттың жағасын ұстатты

Әлеуметтік желіде тараған қоғамдық дәретхананың кіреберісінде ұйықтап жатқан балалардың фотосы  жұрттың жағасын ұстатты. Ақтауда теңіз жағалауында орналасқан дәретханалардың бірінде болған жағдайға ерлі-зайыпты куә болған. Ал ондағы кассир әйел мас күйде жұмыс істеген көрінеді. Оқиғаға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді. Дәретхананың күтіміне жауапты мекемеге қатаң ескерту беріліп, кассир жұмыстан шығарылды. Жергілікті билік өкілдері қоғамдық орындар мен ондағы нысандар күнделікті бақылауда болатынын айтты.