Трамп қоқан-лоққы көрдім деп, екі ядролық қаруы бар кемені жіберді. Ресейдің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведевтің ядролық қару туралы сөзінен кейін, Трамп осындай шешім қабылдаған. Екі саясаткердің ғаламтор арқылы текетіресі осылайша, нақты қадамға әкелді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен оған алдында да ескерттім. Маған бірдеңе демес бұрын ойлану керек. Алайда, ол ядролық қарумен тоқтата бастады. Оған жауап ретінде, екі субмарина жіберемін. Негізі оның айтқаны бос сандырақ. Алайда, сандырақ болмаса да, АҚШ-та да ядролық қару бар екенін біліп жүрсін.
АҚШ Президенті өзіне ұнамаған ақпарат жариялайтын лауазымды тұлғаларды жұмыстан қуды. Бұл жолы еңбекпен қамту бойынша агенттік басшысын орнынан алып тастады. Трамптың айтуынша, ол демократтардың пайдасына өтірік ақпарат жариялаған.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Дәл сайлау кезінде, Байден басқарған уақытта жұмыссыздық жойылды дейді. Ал, мен келгеннен кейін, жұмыссыздық өршіп кетті деген статистика жарияланды. Ол не есінен алжасқан не демократтардың тапсырысын орындап отыр. Қол астымда алаяқтардың болғаны қандай жаман.
Израиль басшысы, Газадағы еврей тұтқындарды ғана емес, Газа халқын да азат етемін дейді. Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, бейбіт халықтың өзі ХАМАСтан озбырлық көріп отыр. Жақында ХАМАС екі израильдік тұтқынның бейнесін жариялады.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бірінші кезекте, біздің ұлдарымызды азат етуіміз қажет. Мен уәде беремін. ХАМАС-тың көзін жоймай, тынбаймын. Газа халқының аштыққа ұшырауы да – солардың кесірі. Тірі қалқан қылып, бейбіт тұрғындарды пайдаланып отыр. Оларды жоймай, еврейлерге де, арабтарға да тыныш өмір жоқ.
Бразилияда экс-Президент Жаир Болсонару үйқамаққа алынды. Ол әлеуметтік желілерге шықпау туралы тыйымды бұзған. Естеріңізге сала кетсек, бұрынғы мемлекет басшысы мемлекеттік төңкеріліс ұйымдастырмақшы болды деген фыакті бойынша істі болып жатыр.