$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Астанада қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтті

Астанада қаржылық сауаттылық бойынша семинар өтті

Елордада "Заң және тәртіп" қағидаты аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту семинары өтті.  Оған "AMANAT" партиясы мен Қаржы мониторинг агенттігі, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ Астана қалалық әкімдігі ұйытқы болды. Семинар барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың белгілері мен тәуекелдері, қаржы пирамидаларының қызметі, сондай-ақ алаяқтармен кездескен кезде қабылданатын шаралар туралы баяндалды.

АНДРЕЙ ДАВЫДОВ, ҚР ҚМА БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі аудитория зейнеткерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ "Қарызсыз қоғам" жобасының қатысушылары болды. Іс-шараға 1000-ға жуық адам қатысты. Мұндай іс-шаралар жалғасады. Біз тоқтамаймыз және әрі қарай жүреміз.