$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Қызылжарда жаңа оқу жылында “Келешек мектептері” жобасымен салынған білім ошағы есігін айқара ашады

Қызылжарда жаңа оқу жылында “Келешек мектептері” жобасымен салынған білім ошағы есігін айқара ашады

Қызылжарда қыркүйек айында жаңадан бой көтерген “Келешек мектебі” есігін айқара ашпақ.  Білім ошағы жаңа оқу жылына  90 пайыз әзір. Құрылыс нысанында күні-түні жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Заманауи мектеп тың технологиялармен жабдықталған.  Әрбір сыныпқа интерактивті тақта қойылған.  Береке  ықшам ауданындағы балаларды қабылдауға мектеп дайын.

СӘУЛЕ ТҰРСЫНОВА, №29 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі күні 600 орындық оқушыға арналған мектепте 542  бала өтініш білдірді. Осы оқу жылын жақсы бастау үшін мұғалімдерге конкурс жарияланды. 51 мұғалім өзінің осы мектепке жұмыс істеуге ынтасын білдіріп, конкурсқа қатысып жатыр.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында оқу жылына дайындық қызу. Бүгінде аймақтағы 444 мектептің 26-сы күрделі жөндеуден өтуде. Бұдан бөлек жаңадан 2 мектеп салынып жатыр. 

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Құрылыстардың барлығы және күрделі жөндеу жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда үш ауысымдық мектеп пен апатты мектептер жоқ. Ол мәселе біртіндеп шешілді.