$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Абайдың “Аттың сыны” өлеңін талдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Абайдың “Аттың сыны” өлеңін талдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақынның “Аттың сыны” өлеңін талдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Абайдың әдеби шеберлігімен қатар, оның жылқы мінезін терең түсінген сыншы, атбегі ретіндегі қырлары кеңінен сөз болды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушылар, жылқы мәдениетін зерттеуші ғалымдар мен аудармашылар қатысты. Соның ішінде ақынның бұл өлеңін моңғол тіліне тәржімалаған ауыл шаруашылығы маманы Мекеш Тәліпұлы  сөз сөйлеп, аударманың мәні мен маңызына тоқталды.

МЕКЕШ ТӘЛІПҰЛЫ, АУДАРМАШЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Енді бұрын жас кезімізде жаттап өстік бұл өлеңді. Кейін ер жеткенде осындай ат мінсек қой деген ойларымызда болды. Соны енді аударайын деп ойлап, аударып едім, жақсы шықты деген көпшіліктің, тіл мамандарының, ақын-жазушылардың қолдауын ие болды. Өлең енді шынында, күрделісі күрделі. Бірақ монгол тілі мен қазақ  тілі ұқсас, салт-дәстүріміз де ұқсас. Сондықтан аудармада онша қиындау болған жоқ.