2025 жылғы 11 тамыздан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді, хабарлайды Astana TV. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызметті толығымен онлайн-форматқа ауыстырады. Бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады.
Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді.