$536.58 €622.75 ₽6.71
×

Израиль Газа секторын толықтай басып алуды жоспарлап отыр

Израиль Газа секторын толықтай басып алуды жоспарлап отыр

Израиль Газа секторын толық басып алуды көздеп отыр. Премьер-министр Биньямин Нетаниьяху өзінің министрлер кабинетін жақын арада жинап, толық жоспар бекітпек. Алайда, министрлердің жартысы және күштік құрылымдардың жоғары лауазымды 600 қызметкері бұл жоспарға қарсы шыққан.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Біз Газа секторын толықтай бақылауға аламыз. Біреулерге осы ой ұнамаса, жұмыстарын тастап кете берсін. Олар, Израильдің қауіпсіздігіне қарсы деген сөз.

Трамп, өзінің саяси қарсыластарымен күрес үшін Федералды Тергеу Бюросын да жұмылдырмақ. Техаста жергілікті заң шығарушы органдағы республикалық пен демократтардың арасында дау туған. Нәтижесінде, демократтар штат аумағынан жаппай кетіп қалған.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұндай жағдай тарихта болмаған шығар. Техастық демократтар мемлекеттен бас тартып отыр. Федералды Тергеу Бюросынан көмек сұрап отыр. Екен, Бюро Техас билігіне көмектесуіне еш қарсылығым жоқ. Қайткенде де, демократтар жұмыс орындарына қайтуы керек. Оларды күшпен мәжбүрлей де аламыз.

Енді АҚШ аумағына саяхаттап келген жандар 15 мың доллар кепілдік қалдыруы керек. Президент Дональд Трамп осындай бастама көтеріп отыр. Оның айтуынша, Бұл қаражат елде заңсыз қалып отырған мигранттарды депортациялауға жұмсалады.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Кейбір адамдар өтірік турист болып келіп, артынан тығылып қалып жатады. Бұл визасыз саяхаттай алатын 46 елге қатысы жоқ. Дегенмен, турист визалық режимді бұзбай уақытылы елден кетсе, ақшасы қайтарылады. Ал егер қалмақшы болса, осы укақшаға оны елден депортациялаймыз.

Трамп, жалғыз саясатпен бас ауыртпайды. Ақ үй аумағында өткен аптада жарияланған балл залынан бөлек, тағы бірнеше нысан бой көтермек. Кейбіріне, АҚШ Президенті, тіпті, өз қаражатын жұмсауды жоспарлайды.