Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Алматыға жасаған сапары – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін айқындай түсті. Бірер күн бұрын болған кездесуде Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму жөніндегі өңірлік орталықтың ашылуы туралы хост-келісімге қол қойылды. Антониу Гутерриштің бұл сапары БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алдындағы тығыз кестесіне қарамастан жүзеге асқанын ескерсек, оның біздің елге деген ерекше құрметін байқауға болады.
САПАРБАЙ ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
Біздің Алматы 92-жылдан бері БҰҰ Орталық Азия бойынша жұмыс істейтін бөлімінің орналасқан жері. Мәселен жанағы Орталық Азиядағы 5 республика, Ауғанстанның мәселесі, Моңғолияны да қосып, 7 республиканы БҰҰ бір өңір деп есептейді.
Геосаяси дүрбелең мен қақтығыстар белең алып, климаттық өзгерістер күрделенген шақта Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқарды. Сол үшін ұйым Қазақстан үшін тәртіптің баламасына айналған. Еліміз бұл құрамға кірген сәттен бастап, яғни, 33 жыл бойы белсенді. Мұны бас хатшының өзі де байқаған. Алматыдағы кездесуде «Қазақстан - бейбітшілік пен диалог символы» дегені - сөзімізге дәлел. Мұндай баға еліміздің халықаралық аренадағы орнын салмақтап, беделін айқындап берді.
УӘЛИХАН ҚАЙСАР, САЯСАТТАНУШЫ:
Әлемде 200 мемлекет осы БҰҰ мүшесі. Сол, мысалы, Қазақстанға 5-рет келіп отыр. Бұл біздің еліміздің абыройын көрсетеді. Көтереді де. Басқа елдердің алдында жоғары екеніміздің белгісі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзат тарихындағы ең ауқымды құрылымға айналып, бейбітшілік пен қауіпсіздік жүгін арқалап келеді. Ал Қазақстан - осы кең ауқымды миссияның сенімді серіктесі. Ядролық қарудан өз еркімен бас тарту, Сирия келіссөзі, гуманитарлық көмек жобалары - еліміздің қандай ауқымды істің басы-қасында жүргенін дәлелдейді.
ЖАНДАР АСАН, САЯСИ САРАПШЫ:
«Орталық Азия – Қытай», «Орталық Азия – Ресей», «Орталық Азия – Италия» форматындағы саммиттердің өткізілуі, Орталық Азия мемлекет басшылдарының әлемдік ұйымдардың төрағаларымен кездесуі біздің Қазақстанның қазіргі уақыттағы әлемдегі жаңа дипломатиялық, архитектуралық танымал орталығына айналуда. + Ең маңызды дүние – Алматыда орнықты даму мақсатына арналған алғашты орталықтың ашылуы.
«Қазақстан –даналықтың символы, халықтар арасына дәнекер болып, бейбітшілікке үндейтін ел». Бұл - сапар аясында Бас хатшының мемлекетке берген бағасы. Оның әлемге осындай байыпты ұстаным жетпей тұр деген сөзі, біздің әлемдік державалармен қатынас орнатып, өңірлік тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесімсіздің ерекше бағаланғанын көрсетті.