Су нысандарының қауіпсіздігі басты назарда. Қазір елімізде 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі атқаруда. Сонымен қатар, облыс әкімдіктері де қарап қалмай, 19 нысанды зерттеуге кіріскен. Қазіргі уақытта Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы 3 нысанда жұмыс толық аяқталған. Ал Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстанда әлі жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін 10 облыста тағы 105 нысан зерттеледі деп жоспарланған. Бұл - еліміздің су шаруашылығын жүйелі дамыту жоспарының бір бөлігі. Жалпы 2028 жылдың соңына дейін 557 гидротехникалық нысан тексеріледі. Көпфакторлы зерттеу арқылы әр нысанның техникалық жағдайы нақты анықталып, жөндеу қажет болса, түрі мен көлемі де есептеледі. Былтырдың өзінде жоспардан артық жұмыс атқарылып, 84 нысан зерттелген.