$536.58 €622.75 ₽6.71
×

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «ecoBalqash» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «ecoBalqash» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «Jetisy jastary» комуналды мемлекеттік мекемесі  «ecoBalqash» акциясын ұйымдастырды. Тазалық жұмысына  250-ге жуық жас пен ерікті қатысты. Олар жағалаудағы қоқысты жинап, табиғатқа жанашырлық көрсетті. 50 қап қоқыс жиналып, қатысушылар экосананы қалыптастырудың жарқын үлгісін көрсетті. Алдағы уақытта еріктілер Алакөл жағалауын да қалдықтан тазартпақ.  

АРНАЙ БАЙЖҰРЫНОВ, «ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл акция бірінші рет ұйымдастырылып жатқан жоқ. Шілде айында осы Балқаш көліне келетін жолда экорейс ұйымдастырған болатынбыз. Бүгін жағалауды тазалауды жүргізіп жатырмыз. Жалпы акцияның мақсаты демалушыларға, жастарға, облысымыздың қонақтарына экологиялық мәдениетті насихаттау, жүрген жерлерін таза ұстап, артынан қоқысты жинап жүруге шақыру.