$536.58 €622.75 ₽6.71
×

Алматы облысында Қытайлық Shanghai SpaceSail компаниясы спутниктік интернет жүйесін сынақтан өткізді

06.08.2025ж. 18:36
Алматы облысында Қытайлық Shanghai SpaceSail компаниясы спутниктік интернет жүйесін сынақтан өткізді

Алматы облысында Қытайлық Shanghai SpaceSail компаниясы спутниктік интернет жүйесін сынақтан өткізді, хабарлайды Astana TV.

Жүйе елімізге арнайы келген мамандардың қатысуымен іске қосылды. Тестілеу кезінде интернет жылдамдығы 200 Мбит/с-қа жетіп, жоғары сапаны көрсетті. Бұл жүйе төмен орбиталық спутниктерге негізделген. Мұндай технология шалғай елді мекендерге жоғары жылдамдықтағы интернет жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл – талшықты-оптикалық желі тарту қиын немесе қымбат өңірлер үшін тиімді шешім. Жоба ауылдық мектептерді, медициналық мекемелерді, мобильді қызметтер мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын сапалы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін кеңейтіп, өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.