Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Бектау-Ата шатқалында ТЖМ қызметкерлері 1996 жылы туған әйелге көмек көрсетті, хабарлайды Astana TV.
Ол «Әулие-Ата» таулы аймағында серуендеп жүріп, шамамен 6 метр биіктіктен құлап кетіп, жарақат алған. Алған жарақаттарының салдарынан өз бетімен қозғала алмаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны жерде жатқан күйінде тауып, медициналық зембілге жатқызып, арнайы белбеулермен бекітті. Кейін жаяу түрде таудың етегінде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізді. Қазіргі уақытта әйел Балқаш қалалық ауруханасына жеткізілді.