$536.58 €622.75 ₽6.71
×

Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке пайда болды

07.08.2025ж. 12:15
Қазақстанда бес жаңа кәсіби мереке пайда болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Қазақстандағы кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге қол қойды, деп хабарлайды Astana TV.

Құжатқа сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда 74 кәсіби мереке бекітілген.

Жаңартылған тізімге бес жаңа кәсіби мереке қосылды:

  • Қазақстанның қолөнершілер күні – 7 шілде;
  • Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек;
  • Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні – 20 қазан;
  • Қазақстанның Кәсіпкерлер күні – 29 қазан.

Құжаттағы тағы бір өзгеріс – Энергетиктер күні қайтадан 22 желтоқсанда атап өтіледі. Бұрын желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде атап өтілетін.