$539.38 €629.46 ₽6.76
×

Павлодарда «Жас еңбеккерлер – ел үміті» атты форум өтті

07.08.2025ж. 19:30
Павлодарда «Жас еңбеккерлер – ел үміті» атты форум өтті

Павлодарда «Жас еңбеккерлер – ел үміті» атты форум ұйымдастырылды. Шараға  жастар қауымы және әр саланың өкілдері қатысты. Мақсат- өскелең ұрпақты жұмысшы мамандықтарға баулу. Себебі, елімізде бұл салаға деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Биылғы жыл  жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған болатын.

МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жас мамандарды даярлау бойынша трамвай басқармасында жас мамандарды соларды осы жұмысшы мамандықтарға үйрету. Табыс табуға үйрету, табысты еңбек етуге үйрету. Осы аудандарда да, осындай жобалар іске асырылып жатыр. Жас жігіттер, жас қыздар жазғы уақытта өздерін әр өндірісте немесе даланың жұмысында өздерін соған бейімдеп, бір жағынан табыс тауып, бір жағынан елімізге көмектесіп жатыр.

Еркебұлан Тіленіш – 11-сынып оқушысы.  Жазғы уақытта жұмыс істеп, ата-ана қолғабыс жасайды. Егін алқабында  көкөніс суар, арам шөптен тазарту сияқты жұмыстарды  істейді.  Бұл  жас өренді шыңдап ғана қоймай, шымыр болуға үйреткен.

ЕРКЕБҰЛАН ТІЛЕНІШ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫ:

Мен жаз сайын жұмыс істеп жүргеніме 3 жыл болды. Әрбір жазғы демалыста уақытымды босқа өткізбеу үшін және де ата-аналарыма ауыртпалық салмас үшін жұмыс істеймін. Жастар үшін жұмыс істеу үлкен мүмкіншілік. Біріншіден, табыс табу болса, екіншіден, тәжірибе жинау және ата-анаға көмектесу деген секілді.

Форумнан бөлек  Қазақстан халқы Ассамблясының өкілдері  өңірдегі этно-мәдени бірлестік өкілдерімен де кездесті. Мақсат  -бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерінің тыныс тіршілігімен танысу.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біздің еліміздің ауыз біршілігі мен татулығының кілті ол өзіміздің қарым-қатынасымызда. Мейірімділікте. Мейірімділік пен бір-бірімізге қарым қатынас жасасақ, мейірімділік, адалдық, жүрегіміздің тазалығы соған әкеледі деп ойлаймын. Себебі, ең бірінші достық болу үшін, жақсылық болу үшін бейбітшілік болу үшін жүрек тазалығы. Ал жүрек тазалығы бұл имандылықты тілейді. Барлық жастарға, халқыма имандылық тілеймін.

Форум қатысушылары Павлодардың трамвай басқармасына барып, жас мамандарды  даярлау бойынша жұмыспен танысты. Алдағы уақытта жастарға теміржол көлігін  басқаруды үйрету бойынша арнайы дәрістер оқылмақ.