$539.38 €629.46 ₽6.76
×

«Абайдың толық адам ілімінің негіздері» және «Ұлы Абаймен үндесу» атты екі кітаптың тұсауы кесілді

«Абайдың толық адам ілімінің негіздері» және «Ұлы Абаймен үндесу» атты екі кітаптың тұсауы кесілді

Абай Құнанбайұлының  туғанына 180 жыл толуына орай  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мәдени-танымдық шара өтті. Игі дәстүрге айналған бұл жиын Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Шара аясында абайтанушы, ғалым Жабал Шойынбеттің «Абайдың толық адам ілімінің негіздері» және «Ұлы Абаймен үндесу» атты қос бірдей еңбегінің тұсауы кесіліп, көпшілікке рухани жаңғырудың жаңа көкжиегі ұсынылды.

ЖАБАЛ ШОЙЫНБЕТ, АБАЙТАНУШЫ, КІТАП АВТОРЫ:

Адам баласы өзіне қандай жақсылық ойласа, бүкіл адамзатқа сондай жақсылық ойлау керек. Егер осыны ойлайтын Толық адам ілімін меңгерсек, онда бүкіл әлемде бейбітшілік болар еді, экологиялық мұндай тоқырауға ұшырамас едік. Сондықтан Толық ілімі Абайдың қазақтың ғана ілімі емес, бүкіл адамзатқа қажетті ілім деп ойлаймын.