$539.38 €629.46 ₽6.76
×

Павлодарда тазы иттердің жарысы өтті

07.08.2025ж. 19:30
Павлодарда тазы иттердің жарысы өтті

Павлодарда саятшылық өнерге ден қойғандар қазақи тазыларды көптеп ұстай бастады.  Өйткені, бір кездері жойылудың аз-ақ алдында тұрған тазы тұқымдас иттер саны қазір көбейген. Соның бір дәлелі ретінде  тазылар жарыс өтті. Оған  өңірдің әр аудан, қаласынан тазы ұстаушылар жиналды. Ұзын саны 20 жуық құмай тазы өзара сайысқа түсті.

Серік Шалғынбаев – 15 жылдан бері қазақтың саяшылық өнерін қолға алған. Ата-баба дәстүрін жалғастырып, тазы ұстайды. Үйінде 5 бірдей тазы иті бар.  Арасында аңға шығып, серілік  құрады. Бұл өнер оған нағашыларынан дарыса керек.  Кішкентайынан  нағашы атасына еріп, аңға шығатын болған.

СЕРІК ШАЛҒЫНБАЕВ, САЯТШЫ:

Бұл жеті қазынаның бірі. Ата-бабамыз ұстаған. Біз ұрпағымыз ғой. Қанымызда бар тазы деген. Тазы қасиетті ит ғой. Жеті қазының бірі. Аңға шығамыз. Аңға шыққанда демалып келеміз. Ноябрьдің бірінде басталады. Марттың 20-сына дейін аңға шығамыз бұлармен. Жазда жер кепкеннен кейін шырғаға жүгіртеміз.

Серіктің баптаған тазылары еліміз бойынша топ жарған. Бірнеше рет бас бәйге де алыпты. Алдағы уақытта  тазыларды тірі аңға, яғни, түлкі мен қасқыр аулауға салмақ.

СЕРІК ШАЛҒЫНБАЕВ, САЯТШЫ:

Тазы деген ақылды ит ғой. Бет алдан беталды адамға шаппайды. Малға да беталды шаппайды. Бұл өзі аңға жаратылған. Аң көргенде бұл ит вообще басқа болады. қазір жай тұр ғой. Аң көргенде көзі түгел өзгереді. Бұның өзің денесі де өзгеріп кетеді. Жай жүгіргеннен аң қуғаны бөлек ғой. Бұлар аң қуған кезде жаны береді.

Тазы – ең жылдам, ең шапшаң жануар. Ғалымдардың пікірінше, тазының жылдамдығы сағатына 90 шақырымды құрайды. Сол үшінде  ата-бабамыз бұл жануарды қасиет тұтқан. Жеті қазынаның біріне балауы да жайдан жай болмаса керек. Тіпті, ашаршылық заманда бір тазы бір ауылды асыраған деген де сөз бар. Бұл қазақи иттің қасиетін көрсетсе керек.