$539.38 €629.46 ₽6.76
×

Алматыда "Таза Қазақстан" акциясы үздіксіз жалғасуда

Алматыда "Таза Қазақстан" акциясы үздіксіз жалғасуда

Алматыда "Таза Қазақстан" акциясы үздіксіз жалғасуда. Акция аясында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы 50-ден астам іс-шара ұйымдастырып, 3000-нан астам адамды қамтыған. Қатысушылар "Таза бейсенбі" шарасы аясында қаланың әртүрлі аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен өзен жағалауларын ретке келтірді. Нәтижесінде 30 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

ТОҒЖАН ЕСБЕРГЕНОВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫ:

Есентай өзенінің бойына келіп, осы жерді тазалап жатырмыз. Әр суббота, әр жаңағы бейсенбі күндері бізде таза Қазақстан аясындағы акцияны қолдап, әрқашан сенбілікке шығып отырмыз.  Әлі де бір тазалыққа жете алмай отырмыз. Сол үшін осы акцияның арқасында қала тұрғындарын осы акцияны қолдауға тазалықты қолдауға шақырамын.