$542.29 €629.54 ₽6.77
×

Таразда Зербұлақ көлінің шлюзін біреулер ашып жіберіп, етегіндегі үйлерді су алып кетті

AstanaTV
08.08.2025ж. 19:30
Таразда Зербұлақ көлінің шлюзін біреулер ашып жіберіп, етегіндегі үйлерді су алып кетті

Таразда Зербұлақ көлінің шлюзін біреулер белгісіз жағдайда ашып жіберіп етегіндегі елді су алып кетті. Қаланың қақ ортасындағы 30 үйдің ауласын су басып, 2 баспаның жертөлесі суға толып жарамсыз күйге түскен. Тізеден келетін су қатты қарқынмен ағып түн жарымда жұрттың зәресін алған. "Үшбұлақ" каналы арнасынан асып жайылған судан есік алдында аяқ алып жүріп мүмкін болмады дейді тұрғындар. Салдарынан үйлердің іргетасы сыр беріп, қабырғаларында жарықшақ пайда болған.

МҰРАТ ДИДАРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен ұйықтап жатқанда көршім звондады. Осындай үйіңнен су шығып жатыр. Потоп болып жатыр деп. Огородқа шықсам есік алдында 40 см су көтеріліп, көшеге төгіліп жатыр екен. Үйге зақым келді. Жарылды сырттан, гараждан екі жерден жарылды қабырғалары. Үй осадка берді су бірден көтерілгеннен.

ТҰРҒЫНБЕК НҰРМАНБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дамбы жарылды деп елді шошытып еді гой. Сондай болған екен деп жүгіріп шықсам сол жақтан ағып жатыр екен. Шарбақтың бәрі сол күйі судың астында қалды. Енді қорқыныш болды ғой. Алдында түсінгеніміз жоқ. Қайдан келді бұл су табан астында. 25 жыл тұрып мұндай көргеніміз жоқ.

Су жайылған аймаққа жедел жеткен төтеншеліктер жертөле мен аулалардағы суды сорып қауіпті сейілтті. Әкімдік өкілдері стратегиялық аймақ бола тұра бөгетті бөгде адамның қалай ашқанын түсіне алар емес. Арнайы комиссия  құрылып мамандар бірлесіп мәселенің мән жайын анықтауда. Ал полицейлер заңсыз шлюзді ашқан азаматты іздестіруге кірісті. Келтірілген шығын есептеліп жатыр.

НҰРСҰЛТАН ИСАБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда барлық үйдегі сулар деңгейі төмен түсіп, 12 техника 25 адам жұмылдырылып, жедел топ жұмыс атқарды. Қазіргі таңда барлық қауіп төмендеді. Сейілді. Барлық үйдегі суларды тазарттық. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ.