Өткен аптада Ресей 14 мың сарбазынан айырылған. Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді. Дональд Трамптың айтуынша, тек Украинаға емес, Ресей жауынгерлеріне де жаны ашиды. Сондықтан, келесі аптада Путинмен кездесемін дейді. Алайда, кездестім болды, соғыс тоқтай қалатынына сене қоймайтынын және санкцияны да бірден ала салмайтынын да айтуда, АҚШ Президенті.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен адам өлімін тоқтату үшін бәріне барамын. Қолдан келгенін жасап жатырмын. Путиннің өзіне де нақты белгі бердім. Ол мені түсінді деп сенемін. Кәрі Құрлықтың қақ ортасында бұндай алапат соғыстың болуы нағыз сұмдық деп ойлаймын.
Путин де ақыры кездесуге ишара білдірді. Оның үстіне, екі мемлекет басшысының жүздесуі не Ресей емес, не АҚШ емес өзге мемлекетте болатынын да аңғартты. Айта кетейік, осыған дейін Путин Кремльде АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен келіссөз жүргізген.
ВЛАДИМИР ПУТИН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Осы уақытқа дейін мемлекеттеріміз арасында соңғы уақытта жөнді диалог болмағаны мәлім. Сондықтан, қазір оны орнатуға бірнеше тараптар көмектесіп, тіпті келіссөзді ұйымдастыруға ниет білдіріп отырған достарымыз бар. Солардың бірі – Біріккен Араб Әмірліктері.
Зеленский кенеттен ашуға булықты. Оның айтуынша, Украина өзі үшін ғана еме, Кәрі Құрлықтың қауіпсіздігі үшін де күресіп келеді. Сондықтан, бұл соғыс екіжақты шешіліп кете салатын дүние емес екендігін алға тартуда.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Украинаның жағдайы барлығына мәлім. Бірақ, біздің елдің тағдыры Путин мен Трамптың кездесуі арқылы шешілмеуі керек. Сондықтан, Украина да бұл келіссөз алаңында отыруы тиіс. Бізсіз бәрібір ештеңе шешілмейді. Екіншіден, Европа елдері де батылырақ үн қатқаны абзал. Себебі, олардың тағдыры да талқыға түсті.
Трамптың жуырда енгізген тарифтерінің кері әсері Американың өзіне таяқ болып тиіп жатыр. Себебі, өзге елдердегі ірі қор биржалары өзгеріссіз. Ал, АҚШ аумағында инфляция аздаған өсім көрсетіп, жылжымайтын мүлік құны төмендей бастады.