$539.49 €627.7 ₽6.75
×

Жамбылда жұмыс іздеген жастарға мүмкіндік мол

AstanaTV
08.08.2025ж. 19:30
Жамбылда жұмыс іздеген жастарға мүмкіндік мол

Жұмыс іздеген жастарға мүмкіндік мол.  «АМАNАТ» партиясы Тараздағы ең ірі сауда орталығының бірінде «Жастарға Жұмыс» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Бүгінгі еңбек шарасында 50-ден аса мекеме 300 ге жуық  орын ұсынды. Олардың қатарында медицина, білім саласы мен ауыр өнеркәсіп, жеке меншік құрылыс компаниялары да бар. Жұмыс іздеген жан мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласына қабылдануға  да  мүмкіндік алады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар өңірде дәнекерлеуші, электр маманы, аспазшы сынды жұмысшы мамандарына сұраныс бар екенін айтады. Жиында тұрғын үй, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау мәселелері бойынша да тегін кеңес беріп, келушілердің барлық сұрақтарына жауап берді. Сондықтан аманаттықтар жәрмеңкені дәл осындай адам көп жүретін жерлерде өткізуді дәстүрге айналдырған. Бүгінгі шарада  екі қолына бір күрек тапқандарға мансап орталығының мамандары құжатын «Еңбек кз» платформасына тіркеп,  бірден жолдама береді.

НҰРСҰЛТАН НҰҒМАНСАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жәрменкеге өзімнің бітірген мамандығым бойынша жұмыстарды қарап өтейін деп келдім. Және де осында қарыстастарым мен інілерімді жұмыссыз жүрген соларды да алып келдім. Жастырды сандалтпайды да бір жақсы жері. Барлығы осы жерге жиналып, қазір кез келген мысалы бір ортадан табуға керемет мүмкіншілік болып тұр қазір.

ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қала жастарына жұмыс іздеушілерге мынау биыл оқу бітірген азаматтарға арнайы осында алаң ұсынып отырмыз. Көп азаматтарымыз оқу бітіргенен кейін қай жаққа барып жұмыс іздеу керек екенін, қай есікті қағу керек екенін білмегендіктен осындай алаңдар жастардың жұмыс табуына сұқбаттасуына ертеңгі күні өзінің түйіндемесін алып сол мекемеге баруына түрткі болады деп сенеміз.