Қызылжарда Конституцияның 30 жылдығына дайындық қызу. Жергілікті өлкетану мұражайы ірі көрме ұйымдастыруды қолға алған. Онда Ата Заңның алғашқы нұсқалары көрсетілмек. Конституцияның ел өмірінің барлық саласында тура жол сілтеп, кемелденудің алтын арқауына айналғанын өмірдің өзі айқын дәлелдеп отыр. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан азаматтарының құқықтарына да жіті тоқталуды көздейді. Ата-Заң апталығы тамыздың 23- күні басталмақ.
АЙСҰЛУ СӘРСЕНОВА, СҚО ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ МАМАНЫ:
Конституция күні біз үшін маңызды. Біз Ата-Заң апталығы аясында көрме ұйымдастырып, музей апталығын өткіземіз. Мәселен, мектеп оқушылары мен студентерді шақыртып, олардың құқықтарын егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Қазірдің өзінде 20ға жуық оқу орны ынта білдіріп отыр.