Былтыр Халықаралық кинология федерациясы тазыны қазақы тұқым деп таныды. Бірақ, бұл - тек алдын-ала қабылданған шешім. Енді ереже бойынша елімізге ең кемі 10 жыл уақыт беріледі. Осы аралықта тұқымды көбейтіп, шетелге танытып, сұранысты арттыруымыз керек. 90-шы жылдары қазақ тазысы күрт азайып, тұқымы ұсақталған, жойылуға шақ қалған. Сөйтіп 2000-шы жылдары баптаушылар бірігіп, құмай тазының санын көбейтуді қолға алды. Үлес қосқанның бірі - Абзал Досыман. Оның 4 қар басқан Нейзи атты тазысы елордадағы көрмеде Франция мен Түркия Президенттерін тәнті етіп, таңдай қақтырғаны есте.
АБЗАЛ ДОСЫМАН, ТАЗЫ ЖАНАШЫРЫ:
Алдағы 10 шақты жылда тазыға байланасты үлкен іс-шаралар өту керек. Оның ішіне барлық іс-шара кіруі мүмкін. Тазының стандарттарын әрі қарай жетілдіру. Тазыға қатысты дала сынақтарын өткізу, көрмелер өткізу деген сияқты. Тазыға қатысты жұмыстар, іс-шаралар кең ауқымда, барлық республикалық деңгейде аталып өтуі керек.
Жеті қазынаның бірін әлемге таныту ісі әлі де жалғаса бермек. Алдағы күндері қазақ тазысы Финляндияда өтетін халықаралық көрмеде бақ сынайды. Сегіз төртаяқты халқымыздың мәдени символы ретінде таныстырылады. Бұған дейін Астанада халықаралық комиссия 100 тазыны арнайы тексерістен өткізген.
АБЗАЛ ДОСЫМАН, ТАЗЫ ЖАНАШЫРЫ:
Финляндия астанасы Хельсинки қаласында халықаралық иттер көрмесі өтіп жатыр. Тазының стандарттары бекітілді. Ендлі тазы қандай болуы керек екені құжатталды.