Соңғы 5 жылда елде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, былтыр 19,1 млн шаршы метр баспана салынған. Биылғы көрсеткіш, тіпті, жоғары. І жартыжылдықта 11 млн-ға жетті. Оның 7,9 млн шаршы метрі - тұрғын үй. 111 мектеп, 17 балабақша және 31 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді.
Табысы төмен отбасыларды қолдау үшін алты жыл ішінде 77 мыңнан астам жалдамалы пәтер берілді. Биыл тағы 515 отбасы баспаналы болған.
Қазақстанда бір жылда 233 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Былтыр оған 13,8 млрд теңге бөлінген. Ал құрылыс саласын цифрландыру 3,4 трлн теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде бас жоспардың 96% орындалды.