$539.49 €627.7 ₽6.75
×

Павлодарда жастар қоғамдық көлікте Абай әндерін шырқады

08.08.2025ж. 19:30
Павлодарда жастар қоғамдық көлікте Абай әндерін шырқады

Павлодарда жастар қоғамдық көлікте Абай әндерін шырқады. Трамвайда  Ұлы тұлғаның есті әндері әуеледі. Акция Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр.  Шараға «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болды. Павлодар музыкалық колледж студенттерінен құрылған жастар бір күні бойы қоғамдық көліктерде қала тұрғындарын Абай әнімен сусындатты.  

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Акция барысында Павлодар қаласының қоғамдық көліктерінде Абайды еске түсіріп, Абай жазған әндерді Абайды білеміз ғұлама, компазитор өзінің жазған әндері бар сол әндерін қоғамдық көлікте айтудамыз. Негізгі мақсатымыз Абайды насихаттау. Абайды біздің халқымыз ұмытпау керек. Себебі, ол біздің қазақ елінің үлкен тұлғасы.

НҰРӘЛІ НҰРТАЗИН, СТУДЕНТ:

Бүгін мен қоғамдық көлікте трамвайда Абайдың өлеңдерін орындадым. Бүгінгі күнге дейін біз Абайды насихаттау керекпіз. Оны ұмытпау керекпіз. Ол біздің болашағымызға зор үлес қосқан.