Өткен бағдарламада қазан айының соңында өзенге түскен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын көрсеттік, олар солтүстік тұрғындарын келемеждеген. Соған солтүстіктің жігіттері «жауап» берді.
Солтүстік тұрғындары рас, суды шалпылдатып, ұзақ тұра алмайды. Далада қыс. Дегенмен намысқа тырысып-ақ баққан.
Тағы бір фото - АҚШ президентінің Азия елдеріне сапары аясындағы бір аялдамада, дәлірегі Токиода Трамптың көмекшісі, Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры 29 жастағы Хоуп Хикс Американың бірінші ханымы сәнқой, стилді Мелания Трампты бір кешке болса да артқа қалдырды. Жапония премьер-министрі берген салтанатты қонақасыда Valentino –дан алқызыл көйлек киген Мелания әдеттегідей кіршіксіз болды. Бірақ бұл жолы «уау» дегізген смокингтегі Хоуп ханым. Біздің қыз-келіншектер тырыспайды деп кім айтты. Дегенмен қазір көбі «өліп-тіріліп» жасайтын қас пен кірпік тренді жұмыстан кетуге апарғаны өкінішті. Астанадағы нөмірі 2 ауруханаға стационарлық ем қабылдауға барған пациент палатада бір медбикенің әріптесіне кірпік жабыстырып жатқанын көріп, суретке түсіріп алған. «Науқастарға қызмет көрсетудің орнына отырысы/жатысы мынау» деп, сол уақытта аурулардың қараусыз қалғанын айтқан. Шу шыққасын, кірпік жасағаны жұмыстан кеткен, кірпік жасатқанына қатаң сөгіс жарияланған...