$539.49 €627.7 ₽6.75
×

Қонаевтағы жаңа орталықтағы өмірдің алғашқы 20 күні

AstanaTV
09.08.2025ж. 20:48
Қонаевтағы жаңа орталықтағы өмірдің алғашқы 20 күні

Бағанашылдағы бейімдеу орталығынан Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшкен 39 жасөспірімнің жаңа өмірі басталғанына 20 күн өтті. Балалар қазірдің өзінде жаңа ортаға бейімделіп, кең әрі жарық, заманауи орталықтың мүмкіндіктерін толық пайдаланып жүр, хабарлады Astana TV. 

Ғимарат оқу және ойын бөлмелерімен, шығармашылық студиясымен, спорт залымен, заманауи жатын бөлмелерімен және мамандарға арналған кабинеттерімен жабдықталған. Балалардың айтуынша, жаңа үй жайлы, сапалы және көңіл-күйге жақсы әсер береді.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл орталыққа Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері емес, тек бейімдеу орталығындағы жасөспірімдер орналастырылды. Балалардың пікірі ескеріліп, заңға сәйкес өз келісімімен көшірілген.

Алғашқы қыркүйек қоңырауы қарсаңында олар Қонаев қаласындағы мектептер мен гимназияларда білім алуға дайындалуда.