$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Энергетика министрлігі Қазақстанда радиоактивті заттар жайылып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

AstanaTV
10.11.2017ж. 20:00
4876
Энергетика министрлігі Қазақстанда радиоактивті заттар жайылып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

Энергетика министрлігі Қазақстанда радиоактивті заттар жайылып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды. Құзырлы ведомство өкілі Тимур Жантикин, Еуропаның аспанында пайда болған радиобелсенді бұлтқа еліміздің қатысы жоқ, деп мәлімдеді. Оның айтуынша, радиациялық деңгейге қарап, бұл апат Еуропаның өзінде болуы мүмкін. "Бірақ Қазақстанда емес. Бұл құбылысты ядролық нысандағы апаттың салдары деуге келмейді", - дейді Тимір Жантикин. Егер ондай апат болса, медицинада қолданылатын рутений емес, цезий сынды күміс түсті металл бөлінетін көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, The Guardian басылымында Еуропа аспанында пайда болған радиобелсенді бұлт Ресей, не Қазақстан аумағындағы ядролық нысанда болған апат салдарынан пайда болды деген ақпарат шықты. Олар Францияның ядролық және радиациалық қауіпсіздік институты мамандарының сөзіне сүйенген. Ресей билігі де бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тимур Жантикин, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Ұлттық ядролық орталық радиоэкологиялық бақылау жүргізіп отырады. Ластайтын деңгейлер Қазақстанда Еуропаға қарағанда төмен. Сондықтан «The Guardian» басылымының Қазақстанда апат болды деген ақпараты дұрыс емес. Өйткені Еуропадағы көрсеткіш Қазақстанда тіркелген деңгейден мың есе жоғары. Яғни апат Еуропада немесе тағы да басқа жерде болуы мүмкін. Бірақ Қазақстанда емес.