$542.66 €631.98 ₽6.77
×

Жамбыл тұрғыны жүкті әйелін өлтірген

AstanaTV
11.08.2025ж. 19:30
Жамбыл тұрғыны жүкті әйелін өлтірген

Жамбылда жүкті әйелін өлтірген азаматқа сот үкім шығарды. Қанды қылмыс өткен жылы Қордай ауданы Масаншы ауылында болған. Ерлі -зайыпты өз үйінің ауласында отырып жанжалдасып қалған көрінеді. Күдікті жұбайының жүкті екенін біле тұра, пышақ тәріздес өткір затты желке тұсына тығып алыпты. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кеткен. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні кінәлі деп тапқан. Кінәсі  дәлелденді. Қаза тапқан әйелдің туыстары соттан қатаң жаза тағайындауды өтінген. Прокурор сотталушыға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Дегенмен сот кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуына байланысты оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы   кінәсін мойындамады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.