Зеленский ашуына мінді. Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей Украинаның жерін сыртынан бөліске салмақшы. Сондықтан, қажет болса соғысты жалғастыратынын жеткізді.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
АҚШ пен Ресей Украинаның тағдырын шеше аламыз деп ойласа қателеседі. Біз өз тәуелсіздігіміз үшін соғысып жатырмыз. Біз қаншама мың батырларымыздан бейбіт тұрғындарымыздан айырылып, оның үстіне, жерімізден бас тартады деп ойлайды ма?
Трамптың онда шаруасы жоқ. АҚШ Президенті 40 жылға жалғасқан соғысты аяқтады. Ақ үйде Әзербайжан мен Армения бейбіт ресми түрде Қарабақ соғысын аяқтау туралы келісімге қол қойды.
ИЛЬХАМ ӘЛИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ:
Соғысқа көп жылды сарп еттік. Бізді татуластырып, екі елге де экономикалық пайда әкелемін деген Президент Трампқа Нобель сыйлығы берілуі тиіс. Осы келісім арқылы өңірдегі барлық түйткілді мәселе бірден шешілді.
Аустралия да Израильдің Газа секторындағы әрекетіне наразы. Сондықтан, Франция мен Ұлыбританияның артынан ілесіп, қыркүйекте Палестинаның тәуелсіздігін танитындығы жайлы хабарлады.
ЭНТОНИ АЛБАНЕЗЕ, АУСТРАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Аустралия Палестина халқының жеке, тәуелсіз мемлекетке деген құқығын мойындайды. Министрлер кабинетімен кеңесе келе осындай шешімге келдік. Халықаралық қауымдастық біздің позициямызды білсін.
Израильдің Газа секторын жаулап алу туралы жоспарынан кейін бүкіл әлемде жаппай наразылық акциялары да жиілеп кетті.