$542.66 €631.98 ₽6.77
×

Еліміздің түкпір-түкпірінде ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланып жатыр

AstanaTV
11.08.2025ж. 19:30
Еліміздің түкпір-түкпірінде ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланып жатыр

Еліміздің түкпір-түкпірінде   ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тойланып жатыр. Осыған орай «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының  ұйымдастыруымен «ABAI QUIZ» зияткерлік ойыны өтті. Байқауға 8 команда қатысып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында түрлі сұрақтар қойылды. Жастар ойын арқылы ойшыл Абайдың шығармаларын тереңінен танып, рухани құндылықтарын бойына сіңіре алады. Сонымен қатар ой-өрісін, мәдени және әдеби танымын кеңейтпек. Қатысушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру арқылы, топпен жұмыс істеу дағдылары дамымақ. Жарыс нәтижесінде I орынды  креативті «Ruhtastar» командасы жеңіп алды. Ал, II орынды – «Алға, тек алға!» командасы алса, үздік үштікті – «Ұлы ойдың иелері» түйіндеді.

МЕРЕЙ ЖОЛДАСБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Басты мақсатымыз- жастарымызға Абай Құнанбайұлының өмірін, шығармашылығын, қара сөздерін дәріптеу мақсатында, жастарымызға үйрету, біліп жүрсін деген сияқты мақсатта ұйымдастырып отырмыз.