Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген Батыр ауылында алғаш рет халықаралық «AMANAT JIU-JITSU KIDS CUP 2025» турнирі өтті. 4 пен 13 жас аралығындағы 200-ден астам жас спортшы татамиде өз шеберлігін көрсетті. Жарыс тек жеңімпазды анықтау үшін ғана емес, тәртіпке бағынып, табандылықты шыңдау, ұлттық рух пен жауапкершілікті бойға сіңіру мақсатын көздеді. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы, Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығы және облыстық спорт басқармасының қолдауымен өткен бұл дода, алдағы жылдары да дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.
ЕРЛАН ЖАКУПОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Джиу-джитсу өңірімізде қарқынды дамып жатқан спорт түрі. Аманат партиясының қолдауымен осындай үлкен шара өткізіліп отыр. Бүгінгі жарысқа 5 елден қатысушылар келіп отыр. Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Балалардың белсенділігі өте жоғары. Дәстүрлі түрде жалғасатын болады деп сенеміз.