Алматы қаласының Алатау ауданындағы Дарабоз тұрғын үй кешені аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары өтті. Таңғы 9-да басталған сенбілікке тұрғындар, кәсіпкерлер және мердігер ұйым өкілдері белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен әсемдігін арттыруға атсалысты.
ӨКТЕМ АЛТАЕВ, ӘНШІ:
Тазалық акциясы басталғалы бері біз әр сенбі сайын қатысып келеміз. Қазір Алматыны қарасаңыз кез келген жерін қарасаңыз тап таза, мұнтаздай болып тұрады. Мен ойлайм, бұдан да таза болатын болса шетелден келген туристер енді жүрген жерінде о Қазақстан деген ел бар екен. Алматы деген қала қандай керемет тап таза деп сондай жақсы лебіздерін айтып жүреді деген ойдамын.
Сенбілік аясында 320 текше метр қоқыс жиналып, 22 арнайы техника жұмылдырылды. Жасыл аймақтарды тырмалау, тротуарларды сыпыру, ағаштарды суару, арық жүйесін тазалау сынды жұмыстар жүйелі түрде атқарылды.
МАДИЯР АБУЕВ, АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ КӨРІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ:
Біз хабарландыру жасап бір апта бұрын, шақырту бердік және де ауданнан бізге көмек ретінде құрылыспен айналысатын компаниялар, жеке кәсіпкерлер және де бізде ауданда жүрген мердігер мекемелердің көмегімен тазалық жұмыстарын бастадық. Қазіргі таңда 500-ден аса адам келді. Біз 1000-ға жуық адам күтудеміз.
Тазалық шарасының соңы мәдени бағдарламамен түйінделді. Экологиялық акция аясында Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен әуезді әндер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.