$542.66 €631.98 ₽6.77
×

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шаралар өтіп, қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен бірлік құндылығы тағы бір мәрте ұлықталды. Мереке Абай ескерткішіне тағзым етуден басталды. Рухани-мәдени шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері қатысты. Қонақтар "Хакім Абай" музейінде ақынның шығармашылығы, аудармалары және сол дәуірдің тұрмыстық өмірімен танысты. Ал "Ұлы даланың Ұлы Абайы" көрмесінде хакімнің өмірінен сыр шертетін сирек жәдігерлер қойылды. 

ЖАНАР ҮРКІМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІ ХАКІМ АБАЙ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қала жұртына осы хакім Абай музейінің есігі қайтадан ашылып жұмыс жасап жатқанына қала жастарына, қазіргі мына өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға Абайды біз насихаттау, осы Абайдың атын өшірмеу, Абайды зерттеген адамдарды насихаттау мақсатында музейіміздің есігі қайтадан ашылды.

Республикалық "Абай әлемі" байқауы мерекенің қорытынды шарасына айналды. Әдеби кештер мен концерттерде Абай өлеңдері шырқалып, бірлік пен рухани құндылықтар дәріптелді.

ЖҰЛДЫЗБЕК РОМАШОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Абайдың шығармашылығы бұл адамзат мәдениетінің рухани алтын қазынасына қосылған асыл мұра. Сондықтан біздің мына қазіргі жастар қауымы, жастар қоғамы осы Абайдың білімімен сусындап, Абайдың шығармаларын оқып, қара сөздерін бойына дарытып, алдағы өмірде білімімен шыңдалса болады деген үміттеміз.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған шығармалар анықталып, жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Абай мұрасы - қазақ халқының рухани темірқазығы. Оны дәріптеу - ел бірлігі мен ұлттық болмысты сақтау кепілі.