$542.66 €631.98 ₽6.77
×

Қазақстан мен Сербия саяси және экономикалық байланыстарды нығайтады

12.08.2025ж. 11:24
Қазақстан мен Сербия саяси және экономикалық байланыстарды нығайтады

Астана мен Белград саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетуге келісті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси консультациялардың үшінші кезеңі өтті. Кездесу барысында тараптар саяси әріптестік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар күнтізбесін талқылады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Сербияны Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктес ретінде атап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде Сербияның Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йович Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес деп бағалап, Алматыда өткен Үкіметаралық комиссия отырысының нәтижелерін оң бағалады.

Келіссөздер барысында халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар тараптар сауда айналымын ұлғайту, инвестиция тарту және екіжақты шарттық-құқықтық базаны жетілдіруді көздеп отыр.

Сауда деректері:

  • 2025 жылдың қаңтар–маусымында тауар айналымы – 45,8 млн АҚШ доллары (+3,85%). Экспорт – 10,3 млн (+28%), импорт – 35,5 млн (-1,3%).

  • 2024 жылы жалпы сауда көлемі – 100 млн доллар (+9,7%). Экспорт – 15,9 млн (+39,4%), импорт – 84,1 млн (+5,39%).