$542.29 €629.54 ₽6.77
×

Мектеп формасын қаншаға алуға болады?

AstanaTV
12.08.2025ж. 19:30
Мектеп формасын қаншаға алуға болады?

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалған сайын, ата-ананың  уайымы арта түседі. Мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ-киім тағысын тағы...  Төрт баласын бірдей киіндіремін деп жәрмеңкеге асыққан Түркия Нұрсипаттың мұндағы бағаны көріп көңілі түсіп кетіпті.  «Арзанын алсаң – сапасы нашар, сапалысын тапсаң – қымбат»,- дейді.

ТҮРКИЯ НҰРСИПАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жылда, жылда солай ғой, әсіресе мектеп таяған кезде тіпті өрлетіп алады ғой бағаны. Бізге оңай емес, екі түрлі киім аламыз ғой, спортқа бір бөлек, ДШ-ға бір бөлек. Бір баламды 100 мыңның айналасында киіндіремін, төрт балама 400 мың кетеді деген сөз. 

Ал, сатушылар сапасы жоғары әрі бағасы төмен форманың  түр-түрін сатудамыз деп сендіреді. 

ШЫНАР ҚАНАТ, САТУШЫ:

Тоже күшті дизайндалған. Ішінде ручка, мындай нелермен жасалған. +неше күнде өтіп жатыр осы тройкалар.

НҰРИСЛАМ САКИЕВ, САТУШЫ:

Қазақстандық өндірушілерден аламыз, бірақ қатты қымбат болып кетеді. Бағасымен сәйкес болып келмейді. Качествосы жақсы, бірақ бағасына қолжетімсіз.

Баға былтырға қарағанда қымбат. Жаңа жиынтықтың орташа құны 7 000 теңгеден 8 000 теңгеге дейін көтерілген. Яғни, 14% артты. 

Ал аяқ киімнің бағасы  өткен жылғы 5 600 теңгемен салыстырғанда 6 000 теңгеге жетті. Өсім – 7%. 

 Оқушы киімдерінің дені  сырттан жеткізіледі. Әсіресе Бангладеш, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Қытайдан жеткізілетін мектеп формасына сұраныс артып тұр. Отандық өндірушілердің сұранысты жабуға әл-ауқаты бар дейді жауаптылар. Әрі импорттық өнімдермен бәсекеге қабілетті. Бірақ, нарықтағы бағаны реттеу оңай болмай тұрған сияқты.

БОЛАТ БОРАНБАЯТ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Импорттық өндірушілердің баға көрсеткіштері отандық өндірушілерден қарағанда сәл арзандау болуы мүмкін. Бірақ, дей тұрғанымен сапа көрсеткіштері , өзіңіз білесіз бізде климаттық жағдай әртүрлі. Мақта тығыздығына, түсті гаммаларға , жергілікті аймақтардың температуралық жағдайларына, талаптарға сәйкес отандық өндірушілер кепілдік бере алады.  Одан бөлек жеткізу жылдамдығы тезірек болады. 

Биыл қазақстандық оқушылар үшін мектеп формасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Талап бір- қара немесе қою-көк түсті киім, ақ жейде.  Ал, баласына қандай киім алып беруді әр ата-ана бағасына сай өзі шешеді.