Трамп Путиннің ығына жығылмайды. АҚШ Президенті өзіне тағылған сынға жауап берді. Оның айтуынша, соғысты тоқтату үшін ғана осындай қадамға барып жатыр. Әтпесе жоламайтын да едім, - дейді Ақ үй басшысы. Айта кетейік, олар АҚШ аумағында, бірақ, Ресейге жақын Аляскада кездеседі.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен Аляскада Путинмен кездесемін. Басты мақсатым – оның ойында не барын анықтау. Өздеріңіз білесіздер, бірнеше рет айттым, ол менімен сөйлесіп, бейбітшілікті қалайтынын айтады. Бірер минутта Киевке зымыран ұшып, ондаған адамның мәйіті жерде жатады. Сондықтан, оның көзіне тура қарап сөйлескенді жөн деп таптым.
Трамп ел астанасы Вашингтонға Ұлттық Ұлан әскерін жіберді. Оның айтуынша бас қалада қылмыс көбейіп кетті. Оның үстіне, жергілікті полиция басқармасын федералды биліктің қол астына кіргізді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Вашингтондағы қылмыс деңгейі Бразилия, Колумбия және Венесуэламен бірдей болған. Бұл нағыз сұмдық. Ені Вашингтон тұрғындары көшеде басбұзарларды емес, полицейлер, Федералды Тергеу Бюросының агенттері немесе әскерилерді ғана көреді. Біз қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек.
Израиль Газа секторында кезекті рет журналисті өлтірді. Бұл жолы Катарлық АЛь-Джазира телеарнасының тілшісі Анас Аш-Шариф мерт болды. Ол 4 әріптесімен шатырда отырғанда зымыран түскен. Израиль, өткендегідей басын ала қашпай, ақпаратты растап отыр. Бірақ, журналисті ХАМАС-тың лаңкесі деп айыптады.
АХЕД ФЕРУАНА, ПАЛЕСТИНА ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Израиль біздің бүкіл әлемге хабар таратуымызға қарсы. Бірнеше рет қоқан-лоққы да көрсетті. Енді бірнеше әріптесімізді өлтірді. Бұл – тікелей ескерту деп білеміз. Себебі, біз халықаралық қауымдастыққа Израильдің озбырлығын көрсетіп келеміз.
Жапонияның Кюсю аралында нөсер жауынның арты су тасқынына ұласты. Он мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілгенімен, ондаған адам іс-түссіз жоғалып кетті. Әзірге тек бір адамның денесі табылды.