Астанада жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған цифрлық штаб құрылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, осы саладағы негізгі тоғыз бағытты талқылады. Жаңа технологиялар денсаулық сақтау саласында дұрыс диагноз қойып, ем тағайындауға, науқастарды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырмақ. Цифрлық штабтың міндетті шешімдерді жылдам қабылдауы жасанды интеллект технологияларын жедел әрі жаппай енгізуге ықпал етеді.