$542.29 €629.54 ₽6.77
×

Қарағандыда «ENBEK WAY» зияткерлік Quiz ойыны өтті

12.08.2025ж. 19:30
Қарағандыда «ENBEK WAY» зияткерлік Quiz ойыны өтті

Қарағандыда Жастар күні мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ENBEK WAY» зияткерлік Quiz ойыны өтті. Оны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы мен аймақтық кәсіподақтар орталығының «Келешек» жастар кеңесі ұйымдастырды. Ойынға түрлі салаларда еңбек етіп жүрген жас мамандар мен студенттерден құралған 15 команда қатысты. Олар өз саласын бейнелейтін арнайы атрибутикамен шықты. Мысалы, шахтерлер, слесарьлар, полицейлер, құтқарушылар теміржолшылар, дәрігерлер өздерін танытады. Ойын 5 раундтан тұрады, әр раундта музыка, кино және кәсіптерге қатысты 10 сұрақтан қойылып, қатысушылардың білімі мен тапқырлығы сынға түсті. Үздік үш топқа ақшалай сыйлықтар табысталды. Жобаны жүзеге асырушы бастамашысы – Сәдуакасов Зият, ол Jas Fund дарындылар байқауына қатысып, өз идеясымен жеңіске жетіп, осы іс-шараны ұйымдастыруға ақша ұтып алған болатын.

ЗИЯТ СӘДУАҚАСОВ, «ENBEK WAY» ЖОБАСЫНЫҢ БАСТАМАШЫСЫ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҚОФ БЕЛСЕНДІСІ:

Сол қаржылай көмекті мен «ENBEK WAY» атты жұмысшы мамандықтарға арналған зияткерлік квизді ұйымдастыруға алған болатынмын. Квиздің негізгі мақсаты ол- жұмысшы мамандықтар арасында, жастар арасында осындай интеллектуалдық батлды ұйымдастыру, олардың топтық рухтарын көтеру және де жалпы уақыттарын қызықты өткізу болып табылады.