Әскери өмірдің шынайы қыр-сырын көрсететін "Казполк" атты жаңа отандық сериалының түсірілімі қарқынды жүріп жатыр. Қатаң тәртіп, ыстық ауа райы, ауыр жабдықтар мен үздіксіз жаттығулар – актерлер үшін де, түсірілім тобы үшін де оңай соқпауда.
ЕДІЛ АҚЫЛБАЙ, РЕЖИССЕР:
Түсірілімнің бұл жақта жүріп жатқанына бір апта уақыт болды. Қиындықтарын міне бүгін көріп жатыр. Өйткені мынандай ыстықта өздерінің киімдерімен қоса броньжилет, каска деген нәрселерін киіп, сонымен бірге жүріп жатыр. Өзінің салмағына қосымша 20-дай киллограмм.Сонымен жүгіріп, әскери адамның бір күнін басынан атқарып жатыр.
Сериалда жас түлектердің десанттық-шабуылдау бөлімдеріне іріктеу сынағынан өту барысы суреттеледі. Отан алдындағы адалдықты дәлелдейтін сапар. Көрерменге ұсынылатын туынды әскери өмірдің шынайы бейнесін жеткізіп қана қоймай, жас ұрпақты елін сүюге, ерлікке ұмтылуға шақырады.
БЕРІК АЙТЖАНОВ, АКТЕР:
Жалпы мұндай сериалдар, фильмдер мына біздің әскер туралы түсірілу керек. Өйткені бұл жас ұрпаққа, өскелең ұрпаққа кәдімгідей патриоттық сезім сыйлап, рух береді. Кішкентай балалар ертең осындай сериалдарды көріп ертең өздерінің де армандары болады мен әскери болсам, әскери адам болсам деп. Соған ұмтылу керек.
12 сериядан тұратын жоба күзде көрерменге жол тартпақ. Экраннан тек әскери өмірдің қатаң тәртібі емес, батырлық пен адалдықтың шынайы бейнесі сипатталмақ.