$542.29 €629.54 ₽6.77
×

Жастар күніне орау би байқауы өтті

Жастар күніне орау би байқауы өтті

Бүгін-халықаралық жастар күні. Соған орай Астанада «Bir tolqynda» заманауи би байқауы өтті.  Шара АМАNАТ партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылған. Үшінші жыл қатарынан өткен байқауда 400-ге жуық жас өнерпаз жиналып, би чемпионаты мен шығармашылық батлдарда бақ сынады. Фестиваль аясында  Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да ерекше көңіл бөлініп, жастарды салауатты өмір салты мен қоршаған ортаға деген жанашырлыққа шақыратын түрлі интерактивтер мен ойындар өткізілді.

ЕРЖАН ХАМИТОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл тек қана би жарысы ғана емес, сонымер қатар суб мәдениет өкілдерінің басын біріктіру. Оларға мүмкіндік сыйлау, алаң ұсыну, сонымен қатар оларды қолдау болып саналады. 3 жастан бастап, 35 жасқа дейінгі жастар қатысып жатыр.