Жезқазғанда әкімдік қызметкері мен оның қызын үйінде асқан айуандықпен өлтіріп кетті. Есепші қызметін атқарған келіншекті қылмыскер мойын тұсынан 7 рет пышақтаған. Ал Астанадағы халықаралық колледжде оқитын кәмелетке толмаған қыздың денесі жатын бөлмеден табылды. Бойжеткен сыммен қылқындырылуы мүмкін. Жантүршігерлік жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
АЛМАЗ САЛАМАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады.