$537.96 €630.27 ₽6.73
×

Елде нашақорларды емдеу мен алдын алу шаралары күшейеді

Елде нашақорларды емдеу мен алдын алу шаралары күшейеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті. Мемлекет басшысы бұл дерттің жай ғана медициналық проблема емес, ұлттың болашағына қауіп төндіретін үлкен әлеуметтік және экономикалық мәселе екенін айтты. Жастардың өмірін құртып, денсаулыққа зиян келтіретін бұл індетпен қатаң шаралар арқылы ғана күресу керек деді. Президент нашақорларды емдеуге көбірек мүмкіндік жасау, нақты статистика жүргізу және есірткі саудасына мүлдем жол бермеу керегін атап өтті. Жиында Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі және Қаржылық мониторинг агенттігінің басшылары да өз ұсыныстарын жеткізді.