Шымкентте Халықаралық жастар күніне орай «Jastar Fest» мерекелік кеші ұйымдастырылды. Онда «Жас волонтер» жобасы аясында ең үздік деп танылғандар анықталды. Байқау ережесіне сәйкес, жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру бағытында жалпы саны 26 жоба ұсынылып, оны 36 автор әзірлеген. Нәтижесінде жобаның 5 бағыты бойынша үздік деп танылған қатысушылар 1 миллион теңгелік сертификаттарға ие болды.
ӘЙГЕРІМ ЖҰМАҒҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Бізде бүгін жас волонтер атты жобамызға 40-қа жуық ерікті қатысты. Ол бес бағыттан тұрады. Оған арнайы комиссия түзілді. Олар қатысушылардың жобаларын қарап, үздігін таңдап отыр.
Топ жарғандар өз идеяларын алдағы уақытта дамыта түсуге құлықты. Олар мұндай шаралар жастардың болашағына үлкен серпін беретінін айтады. Айтпақшы, жобалардың ішінде тыңнан түрен тартқандары да кездесті.
РАХАТБЕК НҰРЖАНҰЛЫ, «ӘЗ-ҰЯ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Менің жобамның ерекшелігі "Ағамдай болам" жобасы басқа жоабаларға қарағанда ерекшелігі қоғамда өз орынын таба алған кәсіпкерлер болсын немесе белгілі бір дәрежедегі керемет мұғалымдер болсын. Қоғамға пайдасы тигізгісі келетін адамдармен жалғызбасты аналардың балалары немесе осал топтың балалары мен қыздарға лайықты ағ немесе әпке тауып беру және оларды бауырластыру.
Мерекелік кеште қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. «Jastar Fest» жастарға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлап, достық пен ынтымақтың мерекесіне айналды.