$537.96 €630.27 ₽6.73
×

Павлодарда республикалық жастар форумы өтті

13.08.2025ж. 19:30
Павлодарда республикалық жастар форумы өтті

Павлодарда республикалық жастар форумы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам белсенді жас қатысты.  Екі күндік шара аясында белсенділер өзара тәжірбие алмасып, түйінді түйткілдерді шешу жолын ұсынды. 

ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жастардың орны бөлек, біздің елімізге керекті мағыналы білімді алып, біздің еліміздің өркендеуіне келешекте өз білімдерін қосады деп ойлап отырмын.

Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланған.  Бұл еңбек адамына деген құрметті  арттырды.  Форум барысында жастарды сұраныс ие мамандықтарға оқыту жайы да сөз болды. Ел бойынша құрылыс, энергетика, өнеркәсіп және  қызмет көрсету сияқты  салаларда білікті мамандар жетіспейді.

ЖІБЕК МҰРАТҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Шымкент өңірінде жеке қабылдауға көбіне 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қызмет алады. Ол жерде түрлі жағдайлар қарастырып, отбасылық мәселелер, жасөспірімдер арасындағы жағдаймен жүгінеді. Барлығына жеке кеңес беріледі. Бөлімде толығымен үш маман жұмыс атқарады. Жастар орталығы тек қана студенттермен, жастармен ғана қызмет етпейді, ол жерде түрлі орталық, пробация орталығы бар. Және Аналар үйімен де тікелей байланыстамыз.

Елімізде жастармен жұмыс істейтін 234 орталық бар. Олар биыл 3 мыңнан астам адамды еңбекпен қамтыған.  Баспана мәселесін шешу бойынша да мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осы жылы 8 мыңға жуық  отбасы баспаналы болды.