$537.96 €630.27 ₽6.73
×

Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында 100-ден астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды

14.08.2025ж. 12:18
Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында 100-ден астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды

Мерейлі дата аясында кешенді жоспар бектіліп, халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, хабарлайды Astana TV.

Іс-шараларды ұйымдастыруға жүздеген мәдениет қызметкері, аспаз, техникалық мамандар, 500-ден астам волонтер және ауданнан келген ардагерлер, салт-дәстүр білгірлері жұмылдырылды. 1-10 тамыз аралығында 70-тен астам ірі мәдени іс-шара, 10 театрландырылған қойылым, 8 көрме мен фестиваль, 5 спорттық жарыс, 5 республикалық және халықаралық шығармашылық жоба қамтылды.
 

 Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – ұлттық ауқымдағы ерекше тарихи-рухани оқиға. 10 тамызда Абай ауданында өткен ақынның 180 жылдығына арналған мерейтойлық шараларға 50 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 15 елден шетелдік делегациялар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, өнер иелері, жастар, туристер мен БАҚ өкілдері болды.